Құрметті клиентер!
01.04.2024 жылдан бастап, Микроқаржы ұйымдары микрокредиттер алу үшін жүгінген кезде, сондай-ақ микрокредит мерзімін және/немесе өтеу кестесі бойынша мерзімді төлемдер мөлшерінің ұлғаюын туындататын микрокредит шарттары өзгерген кезде, әлеуетті қарыз алушылардың борыштық жүктеме коэффициентін (бұдан әрі - БЖК) есептеуді жүзеге асыруға міндетті екенін сіздердің назарларыңызға жеткіземіз.
Қарыз алушының БЖК-сы барлық өтелмеген микрокредиттер, қарыз алушының банктік қарыздары бойынша ай сайынғы төлем сомасының, оның ішінде барлық әрекет етуші қарыздар бойынша мерзімі өткен төлемдердің және жоғарыда көрсетілген жағдайларда туындайтын қарыз алушының жаңа берешегі бойынша орташа айлық төлем сомасының қарыз алушының соңғы 6 (алты) айдағы орташа айлық табысына қатынасы ретінде есептеледі және 0.5-тен аспауға тиіс. (ай сайынғы табыс сомасының жартысы).
Бұл ретте қарыз алушының табысы тиісті құжаттарды ұсына отырып, расталуы тиіс.
Микрокредит беру, сондай-ақ микрокредит мерзімін және/немесе өтеу кестесі бойынша мерзімді төлемдер мөлшерінің ұлғаюын туындататын микрокредит шарттарын өзгерту төмендегі жағдайларда мүмкін емес, егер:
- Қарыз алушы растаған табыс ҚР заңнамасымен тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінен және отбасының әрбір кәмелетке толмаған мүшесіне шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейінің жартысынан аз болса;
- Қарыз алушының борыштық жүктемесі коэффициентінің мәні ҚР заңнамасында белгіленген шекті мәннен асып түссе;
- Қарыз алушыда ойын бизнесіне белсенді тартылған тұлғаның белгілері бар болса және банктік қарыздар және (немесе) микрокредиттер бойынша күнтізбелік тоқсан күннен астам негізгі борыш және (немесе) сыйақы бойынша мерзімі өткен берешегі болса.
Бұл өзгерістер халықтың қаржылық жүктемесін азайту үшін қажет.
Берілген ақпарат сізге пайдалы болады деп үміттенеміз!
«Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым қарыз алушысының борыштық жүктемесінің коэффициентін есептеу қағидаларын және шекті мәнін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы №215 қаулысына сәйкес.
(01.04.2024 ж. жағдай бойынша өзгерістерімен және толықтыруларымен)