Жаңалықтар / Су тасқынынан зардап шеккен клиенттерге арналған ақпарат

Су тасқынынан зардап шеккен клиенттерге арналған ақпарат

4 сәуір 2024

Mycar Finance компаниясы су тасқынынан зардап шеккен азаматтар мен олардың отбасыларына шын жүректен көңіл айтады.

 Егер біздің ұйымда сіздерде автокредит болса және сіздер су тасқынынан зардап шеккен аймақтарда тұратын болсаңыздар, біз сіздерді 2024 жылғы 1 сәуірден бастап 30 маусым аралығына дейін микрокредит бойынша төлемдерді 3 айға кейінге қалдыру үшін «My Car Finance» МСҚҰ» ЖШС-ға өтініш жасауға шақырамыз. 

 

Микрокредит бойынша төлемдерді кейінге қалдыру үшін сіздерге mycar.kz мобильді қолданбасының «Менің қаржым» бөлімі арқылы, әрі қарай «Автокредит», әрі қарай «Анықтамалар мен өтініштер», әрі қарай «Кейінге қалдыру/Кредит мерзімін ұлғайту» деген функцияларды таңдай отыры өтініш беру қажет. Пікірлерде өтініш берудің себебін және өзіңіз жүгініп отырған өңірді көрсетуді сұраймыз.

 Қосымша ақпарат алу үшін 2525 тегін нөмірі арқылы хабарласыңыздар.

 

 Құрметпен,

 

«My Car Finance» МҚҰ» ЖШС