Құрметті әріптестер мен серіктестер!
Mycar Finance компаниясы клиенттермен жұмыс істеу үдерістерін жетілдіруді жалғастыруда. Сіздермен жақсы жаңалықпен бөлісуге қуаныштымыз!
Серіктестеріміздің ұсыныстары мен кері байланыстары негізінде, автокөлік сатып алуға микрокредит беруді мақұлдау туралы Хабарламаның жарамдылық мерзімі 30 күнтізбелік күнге дейін ұзартылды.
Бұған дейін хабарлама қысқа мерзімге ғана жарамды болып, дилерлік орталықтардың жұмысын қиындататын және клиенттерден жедел шешім қабылдауды талап ететін. Енді клиенттерімізде ойлануға және дұрыс таңдау жасауға көбірек уақыт болады, ал дилерлік орталықтар жұмыс үдерістерін тиімдірек жоспарлай алады.
Бұл жаңартудың сіздердің жұмыстарыңызды жеңілдететініне және қызмет көрсету сапасын арттыратынына сенімдіміз.
Бізбен бірге болғандарыңызға, сенімдеріңіз бен тұрақты кері байланыстарыңызға үлкен рақмет! Дәл осы қолдаудың арқасында біз үздіксіз дамып, тиімді шешімдер ұсынып келеміз.
Құрметпен,
Mycar Finance командасы