Мерзімі өткен берешекті реттеу

Құрметті клиенттер! 2021 жылғы 1 қазаннан бастап Қазақстанда кредитті өтеу кезінде қиындықтарға тап болған азаматтардың проблемалық берешегін реттеу тәртібі әрекет етеді.
MyCar Finance өз клиенттеріне кредит беру шарттары бөлігінде микрокредит беру туралы шартты өзгерту арқылы мерзімі өткен берешекті реттеу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Мерзімі өткен берешекті төлеу үшін Сізге:

  1. Жеке менеджеріңізге хабарласу немесе MyCar.kz мобильді қосымшасындағы «Менің қаржым» бөлімінде немесе MyCar Finance дилерлік орталығына (ДО) немесе кеңсесіне барған кезде қолма-қол өтінішті толтыру қажет. ДО барлық мекенжайлары компанияның: https://mycarfinance.kz/contacts корпоративтік сайтында берілген. 
  2. Сондай-ақ, Сіз MyCar Finance арнайы бөлінген 2525 желісіне немесе +7 701 304 7340 (Какенов Олжас Аскарович, Мерзімі өткен микрокредиттермен жұмыс жасау бөлімінің бастығы) нөміріне хабарласа аласыз.
  • барлық қажетті ақпаратты ұсыну: ТАӘ, кредит шартының нөмірі, ЖСН.
  • нақты Сіздің жағдайыңызда өтінішті қалай дұрыс толтыру керектігі туралы кеңес алу.
  • өтінішті info@mc-finance.kz электрондық пошта мекенжайына жіберу

 

«MYCAR FINANCE» МИКРОҚАРЖЫ ҰЙЫМЫ» ЖШС микрокредиттер бойынша берешекті реттеу шарттары мен тәртібі

 

1. Микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемені орындаудың өткізіп алынған мерзімі болған кезде, бірақ ол басталған күннен бастап жиырма күнтізбелік күннен кешіктірмей микроқаржы ұйымы микрокредит беру туралы шартта көзделген тәсілмен және мерзімдерде қарыз алушыны:

  1. микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемені орындау бойынша мерзімді өткізіп алудың туындағаны және хабарламада көрсетілген күнге мерзімі өткізіп алынған берешектің мөлшерін көрсете отырып, төлемдер енгізу қажеттігі;
  2. микрокредит беру туралы шарт бойынша қарыз алушы-жеке тұлғаның микроқаржы ұйымына өтініш жасау құқығы;
  3. қарыз алушының микрокредит беру туралы шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамауының салдары туралы хабардар етуге міндетті.

Микроқаржы ұйымы қарыз алушыны хабардар ету үшін коллекторлық агенттікті тартуға құқылы.

2. Микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемені орындау мерзімін өткізіп алу басталған күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде қарыз алушы-жеке тұлға микроқаржы ұйымына баруға және (немесе) өзінің микрокредит беру туралы шарттың талаптарына, оның ішінде:

  1. сыйақы мөлшерлемесін не микрокредит беру туралы шарт бойынша сыйақы мәнін азайту жағына қарай өзгертуге;
  2. егізгі борыш және (немесе) сыйақы бойынша төлемді кейінге қалдыруға;
  3. берешекті өтеу әдісін немесе өтеу кезектілігін, оның ішінде негізгі борышты басым тәртіппен өтей отырып өзгертуге;
  4. микрокредит мерзімін өзгертуге;
  5. микрокредит бойынша мерзімі өткізіп алынған негізгі борышты және (немесе) сыйақыны кешіруге, тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) күшін жоюға;
  6. тараптардың келісімімен белгіленген мерзімдерде кепіл берушінің ипотека нысанасы болып табылатын жылжымайтын мүлікті дербес өткізуіне;
  7. микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемені орындаудың орнына микроқаржы ұйымына кепілге қойылған мүлікті беру арқылы бас тарту төлемін ұсынуға;
  8. сатып алушыға микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемені бере отырып, ипотека нысанасы болып табылатын жылжымайтын мүлікті өткізуге байланысты өзгерістер енгізу туралы өтінішін негіздейтін, микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемені орындау мерзімін өткізіп алудың туындау себептері, кірістер және басқа да расталған мән-жайлар (фактілер) туралы мәліметтерді қамтитын жазбаша нысанда өтініш не микрокредит беру туралы шартта көзделген тәсілмен ұсынуға құқылы.

3. Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен микроқаржы ұйымы қарыз алушы-жеке тұлғаның өтінішін алған күннен кейін он бес күнтізбелік күн ішінде микрокредит беру туралы шарттың талаптарына ұсынылған өзгерістерді қарайды және қарыз алушы-жеке тұлғаға:

  1. микрокредит беру туралы шарттың талаптарына ұсынылған өзгерістермен келісетіні;
  2. берешекті реттеу жөніндегі өзінің  ұсыныстары;
  3. бас тарту себептерінің уәжді негіздемесін көрсете отырып, микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгертуден бас тартатыны туралы жазбаша нысанда не микрокредит беру туралы шартта көзделген тәсілмен хабарлайды.

4. Қарыз алушы-жеке тұлға микроқаржы ұйымының осы баптың 3-тармағының 3) тармақшасында көзделген шешімін алған күннен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде немесе микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгерту туралы өзара қолайлы шешімге қол жеткізбеген кезде бір мезгілде микроқаржы ұйымын хабардар ете отырып, уәкілетті органға өтініш жасауға құқылы.

Уәкілетті орган қарыз алушы-жеке тұлғаның өтінішін оның микроқаржы ұйымына өтініш жасауының дәлелдемесі ұсынылған және микроқаржы ұйымымен микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгерту туралы өзара қолайлы шешімге қол жеткізілмеген кезде қарайды.

Уәкілетті орган «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын қарыз алушы

- жеке тұлғаның тұрғынжай болып табылатын жылжымайтын мүлік ипотекасымен қамтамасыз етілген, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес микрокредит беру туралы шарт жөніндегі өтінішін қарау кезеңінде кепілге қойылған мүлікке сотқа талап қоюды беру арқылы өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді.

Осы тармақтың үшінші бөлігінде белгіленген талап уәкілетті орган өтінішті өтініш жасалған күннен бастап алпыс күнтізбелік күннен астам қараған, сондай-ақ қарыз алушы-жеке тұлғаның бұрын қаралған мәселе бойынша өтініші қайта берілген жағдайларда қолданылмайды.

Қарыз алушы жеке тұлғаның өтінішін уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қарайды.

5. Осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген талап қанағаттандырылмаған, сондай-ақ микрокредит беру туралы шарт бойынша қарыз алушы-жеке тұлға осы баптың 2-тармағында көзделген құқықтарды іске асырмаған не қарыз алушы-жеке тұлға мен микроқаржы ұйымы арасында микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгерту бойынша келісім болмаған жағдайларда, микроқаржы ұйымы:

  1. қарыз алушыға қатысты шаралар қолдану туралы мәселені қарауға құқылы.
  2. Шаралар қолдану туралы шешім микрокредиттер беру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады;
  3. берешекті сотқа дейін өндіріп алу және реттеу үшін коллекторлық агенттікке беруге құқылы.
  4. Микрокредит беру туралы шартта қарыз алушы микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімін өткізіп алуға жол берген жағдайда микроқаржы ұйымының коллекторлық агенттікті тарту құқығы болған кезде берешекті сотқа дейін өндіріп алу және реттеу үшін коллекторлық агенттікке беруге жол беріледі;
  5. Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) микрокредит беру туралы шартта көзделген шараларды қолдануға, оның ішінде сотқа микрокредит беру туралы шарт бойынша борыш сомасын өндіріп алу туралы талап қоюмен жүгінуге, сондай-ақ кепілге қойылған мүлікке соттан тыс тәртіппен («Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда) не сот тәртібімен өндіріп алуды қолдануға;
  6. сотқа Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қарыз алушы-дара кәсіпкерді, заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы талап қоюмен жүгінуге құқылы.

6. Берешекті қайта құрылымдау қарыз алушыларды қаржы-экономикалық сауықтыру үшін пайдаланылатын құралдардың ауқымын кеңейту мақсатында іске асырылады.

7. Қайта құрылымдаудың негізгі түрлері:

  1. микрокредитті ұсыну шарты бойынша сыйақы мөлшерлемесін немесе сыйақы мәнін азайту жағына қарай өзгерту;
  2. негізгі қарыз және (немесе) сыйақы бойынша төлемнің мерзімін кейінгіге шегеру;
  3. берешекті өтеу әдісін немесе өтеу кезегін, соның ішінде басым тәртіпте негізгі қарызды өтеумен өзгерту;
  4. микрокредиттің мерзімін өзгерту.

8. Қарыз алушыда уақытша қаржылық қиындықтар және/немесе форс-мажорлық мән-жайлар туындаған кезде микрокредитті қайта құрылымдау мәселесі кеңейтілген мониторинг және/немесе уақытша қаржылық қиындықтардың және/немесе форс-мажорлық мән-жайлардың басталуы бойынша растайтын құжаттар негізінде қаралады.

9. Микрокредитті қайта құрылымдау болуы мүмкін жағдайлардың тізімі:

  1. қарыз алушыны жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде;
  2. қарыз алушының әлеуметтік мәртебесінің өзгеруі, атап 
  3. айтқанда ХӘОТ-қа жатқызу, сол сияқты орташа айлық табыстың төмендеуіне әсер еткен қарыз алушының бірге тұратын жақын туысы, жұбайы (зайыбы) ХӘОТ мәртебесін алуы;
  4. қарыз алушының науқастануына байланысты уақытша еңбек қабілетсіздігі (3 айдан артық);
  5. қарыз алушының бала күтіміне байланысты демалысқа шығуы;
  6. қарыз алушыны мерзімді әскери қызметке шақыруы;
  7. қарыз алушының жақын туыстарының, жұбайының (зайыбының) ауруына әлеуметтік маңызы бар аурулар қатарынан) не қайтыс болуына байланысты отбасылық мән-жайлар;
  8. қарыз алушыға материалдық зиян келтірген мән-жайлар (тонау, өрт және т.б.).

Бұл тізім түпкілікті емес және қолданыстағы шарттарда шарт бойынша індеттемелерді орындау мүмкіндігіне әсер еткен жағдайға байланысты толықтырылуы мүмкін.

Қарыз алушы кредиторға ағымдағы қаржылық және әлеуметтік жағдайы туралы ақпарат беруге, шарт бойынша міндеттемелерді орындауға мүмкіндік беретін кірістердің азаю не болмау фактісін құжаттамалық растауға тиіс.

Кредитордың шарт талаптарына өзгертулер енгізу мәселесін қарауы үшін қажетті құжаттар тізбесін ол жүгінетін жағдайға байланысты:

  • қарыз алушының соңғы алты айдағы табысы туралы анықтамамен;
  • қарыз алушының еңбекке жарамсыздығына әкеп соққан ауруын растайтын медициналық мекемеден анықтамамен;
  • микрокредитке қызмет көрсету кезеңінде баланың туғанын және Қарыз алушының бала күтімі бойынша демалыста болғанын растайтын құжатпен;
  • қарыз алушының жақын туыстарының, жұбайының (зайыбының) ауруын, қайтыс болғанын растайтын құжатпен;
  • қарыз алушыға материалдық залал келтірген форс-мажорлық мән-жайлардың туындағанын растайтын құжаттармен;
  • қарыз алушының мерзімді әскери қызметте болғанын растайтын құжатпен;
  • қарыз алушының әлеуметтік мәртебесінің өзгергенін растайтын құжатпен;
  • МҚҰ ішкі нормативтік құжаттарында көзделген өзге де құжаттармен 

10. Қайта құрылымдауға өтінішті қарау рәсімі келесі кезеңдерге бөлінеді:

  1. қарыз алушының микроқаржы ұйымына қайта құрылымдауды ұсыну туралы өтінішпен жүгінуі;
  2. қайта құрылымдау мәселесі бойынша өтініш берген сәтте қарыз алушының қаржылық жай-күйін талдау және бағалау;
  3. растайтын құжаттарды ұсына отырып, қайта құрылымдау себептерін анықтау;
  4. оң шешімі болған кезде қайта құрылымдау берілетін шарттарды айқындау;
  5. қайта құрылымдау үшін қажетті құжаттарды дайындау және ресімдеу, сондай-ақ оларды микроқаржы ұйымының кредиттік комитетінің отырысына ұсыну.




Байланыс деректері:

Какенов Олжас Аскарович

Мерзімі өткен микрокредиттермен жұмыс жөніндегі бөлім бастығы

тел.:+7 727 258 11 07

ұялы.:+7 701 304 7340

e-mail: o.kakenov@mc-finance.kz

 

  1. Микрокредит беру туралы шарттың талаптарына ұсынылған өзгерістермен өзара келіскен жағдайда MyCar Finance осындай шешім қабылдаған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде тиісті қосымша келісімге қол қою қажет;
  2. MyCar Finance қарызды өтеу бойынша ұсыныстары туралы хабарлайды. Бұл жағдайда қарыз алушы MyCar Finance осындай шешім қабылдаған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде MyCar Finance-қа жауабын жіберуі қажет;
  3. Микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгертуден бас тартқан жағдайда, MyCar Finance бас тарту себептерінің дәлелді негіздемесін көрсетеді.
  4. Егер қарыз алушы MyCar Finance ұсынған нұсқаларымен келіспеген жағдайда немесе Шарт талаптарын өзгертуден бас тарту туралы шешім қабылданған кезде, ол шешімді алған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде Микроқаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау орталығына + 7 771 933 34 44 телефоны бойынша микроқаржы омбудсменіне жүгінуге құқылы. mfohelp.kz сайтында осы орталықтың жұмысы туралы толық ақпарат берілген.

Сондай-ақ, қарыз алушы MyCar Finance-ты хабардар ете отырып, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жүгінуге құқылы. Бұл ретте Қарыз алушы МҚҰ-ға өтініш бергенін және өзара қолайлы шешімге қол жеткізбегенін міндетті түрде растауы тиіс. Мұндай өтініш Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаралады.

Біздің қызметтеріміз қызықтырды ма?

Біздің бағдарламалармен

танысыңыз