ҚҰРМЕТТІ КЛИЕНТТЕР!
«MyCar Finance» МҚҰ» ЖШС (бұдан әрі – МҚҰ) 2026 жылғы «14» қазанда «MyCar Finance» МҚҰ» ЖШС интернет-ресурсында орналастырылған және 2026 жылғы «21» қазаннан бастап күшіне енетін Микрокредит беру туралы шарттың (жеке тұлғалар үшін), Микрокредит беру туралы шарттың (кәсіпкерлік мақсаттар үшін), Кепіл шартының (жеке тұлғалар үшін), Кепіл шартының (кәсіпкерлік мақсаттар үшін) типтік нысандарына өзгерістер енгізілгені туралы хабарлайды.
Осы өзгерістер МҚҰ-ның заңды мекенжайының ауысуына байланысты және шарттық аумақтық соттылықты Алматы қаласының Бостандық аудандық сотында белгілеу мақсатында енгізілді.


