Жаңалықтар / Кредит бойынша төлем жасау бұрынғыдан да оңай!

Кредит бойынша төлем жасау бұрынғыдан да оңай!

21 сәуір 2023

Құрметті клиенттер!

Біз сіздермен керемет жаңалықпен бөлісуге қуаныштымыз! Енді сіз кредитті біздің серіктесіміз «Касса 24» арқылы онлайн төлей аласыз. Төлем Қазақстан Республикасының кез келген банкінің картасынан қабылданады. Комиссия төлем сомасының 1,5% құрайды және төлем жасау кезінде көрсетіледі.

 

Кредитті төлеу үшін не істеу керек:

  • Mycar қосымшасындағы «Менің қаржым» бөліміне кіріңіз және «Төлеу» батырмасын басыңыз;
  • Төлегіңіз келетін соманы көрсетіңіз, «Төлеу» батырмасын басыңыз;
  • Төлем жүргізілетін картаның деректерін енгізіңіз;
  • Картаны шығарған банк белгілеген операцияны растау үшін құпия кодты енгізіңіз.

Егер транзакция сәтті өтсе — чекті тексеріп алыңыз, қажет болған жағдайда жүктеп алыңыз немесе поштаңызға жіберіңіз.

Егер транзакция қате өткен жағдайда — нәтиже экранында қатенің мәтіні көрсетіледі.

 

 

Құрметпен,

Сіздің MyCar Finance.